АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Астана қаласының әкімінің өкімімен «Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Берік Айтпаұлы Ахметов тағайындалды. Бұған дейін ол «Astana Innovations» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Берік Ахметов 2012 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, ал 2015 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

  • «Қарағанды облысы Осакаров ауданы ішкі саясат бөлімі» ММ ішкі саясат бойынша маманы /2012–2013 жж.;

  • «Қарағанды облысы Осакаров ауданы ішкі саясат бөлімі» ММ ішкі саясат бойынша бас маманы /2013–2014 жж.;

  • «Хоргос – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ инвесторлармен жұмыс істеу бөлімінің менеджері /2016–2017 жж.;

  • «Хоргос – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ инвесторларды тарту және сүйемелдеу бөлімінің басшысы /2017–2019 жж.;

  • Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тіршілік ету және мемлекеттік қызметтер бойынша басшы орынбасары /2019–2021 жж.;

  • «Astana Innovations» АҚ ақпараттық технологиялар орталығының басшысы /2021 ж.;

  • «Astana Innovations» АҚ ақпараттық технологиялар және коммерцияландыру департаментінің директоры /2021–2022 жж.;

  • «Astana Innovations» АҚ жобаларды коммерцияландыру департаментінің директоры /2022 ж.;

  • «Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» ММ МЖӘ жобаларын жүргізу және құқықтық сүйемелдеу бөлімінің басшысы /2022 ж.;

  • «Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» ММ басшысының орынбасары /2022–2024 жж.;

  • «Astana Innovations» АҚ Басқарма төрағасы /2024–2025 жж.