Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы Astana Hub және Aстaнa Innovations ұйымдарымен бірлесіп, қалалық инфрақұрылымның негізгі салаларына озық технологияларды енгізуге бағытталған Astana Smart City Accelerator бағдарламасын сәтті аяқтады. 20 қарашада бағдарламаның Demo Day финалдық кезеңі өтіп, қатысушылар қала өмірін өзгертіп жатқан инновациялық шешімдерді ұсынды.
Таңдалған стартаптар Астананың мемлекеттік емханаларында, мектептерінде, қоғамдық көліктерінде, сондай-ақ қалалық қызметтер мен инфрақұрылым нысандарында сәтті іске қосылды. Бұл жобалар медициналық ұйымдардың жұмысын оңтайландырып, дәрігерлерге түсетін жүктемені азайтады, оқу орындары мен әлеуметтік мекемелердегі қауіпсіздікті арттырады, ресурстарды үнемдеп, қалалық қызметтердің сапасын жақсартады.
Бағдарлама технологиялық қауымдастықтың үлкен қызығушылығын тудырды. 128 өтінімнің ішінен 107 жоба бастапқы іріктеуден өтті, ал финалистер Astana Hub-тың Seed Money бағдарламасы арқылы 5 миллион теңгеге дейін қаржыландыру алды. Қатысушыларға сонымен қатар сараптамалық қолдау көрсетіліп, шешімдерін нақты жағдайда сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым ұсынылды.
Demo Day-да ұсынылған стартаптар:
Astana Smart City Accelerator бағдарламасы озық технологияларды қалалық ортаға енгізудің тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, Астананы цифрлық технологиялар орталығы ретінде дамытуға негіз болды. Пилоттық жобалардың нәтижелері технологиялардың қазірдің өзінде қаладағы өзекті мәселелерді шешіп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартып келе жатқанын көрсетуде. Алдағы кезеңде үздік шешімдерді Қазақстанның басқа да өңірлеріне масштабтау және халықаралық нарықтарға шығару жоспарланып отыр, бұл Астананың бәсекеге қабілеттілігін нығайтып, оны елдегі ақылды қалаларды дамытудың үлгісіне айналдырады.