STEM ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ФИНАЛЫ 2024: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР

STEM ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ФИНАЛЫ 2024: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР

2024 жылғы 23-24 қараша күндері Астана қаласында «Білім берудегі инновациялар» атауымен STEM халықаралық олимпиадасының финалы өтеді. Бұл ауқымды білім беру іс-шарасына Қазақстан мен ТМД елдерінен, сондай-ақ Тәжікстанан келген талантты оқушылар қатысады.

Іс-шараның мақсаты:

  • Нақты және инженерлік ғылымдарға деген қызығушылықты арттыру.
  • Оқушылардың шығармашылық және зерттеу әлеуетін дамыту.
  • STEM пәндерін: инженерия, бағдарламалау, 3D модельдеу және робототехниканы танымал ету.

Формат және тапсырмалар

Финал екі күнге созылады және STEM бағыттарының негізгі пәндері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Қатысушылар инженерлік тапсырмаларды орындаудағы, бағдарламалаудағы, 3D модельдер жасаудағы және роботтар құрастырудағы шеберліктерін көрсетеді. Сонымен қатар, командалар «Үй тапсырмасы» аталымында алдын ала дайындалған жоба – шайқас роботтарын ұсынады.

Өтетін орны: КММ №103 мектеп, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 70.
Қатысушылар: 8-11 сыныптардың 200-ден астам оқушысы.
Бағдарлама:

  • 23 қараша: инженерлік сайыстар және командалық тапсырмалар.
  • 24 қараша: бағдарламалау, 3D модельдеу финалдары және робот шайқастары.
  • Қорытынды концерт және марапаттау рәсімі.

Финалдың ерекше тапсырмалары

  • «Astana Challenge» – желге төзімді мұнара: қатысушылар шектеулі материалдардан ауа ағынына төтеп бере алатын конструкциялар жасайды.
  • Мұнаралы кран: командалар максималды жүк көтере алатын крандар жасауда бақ сынасады.
  • «Робот шайқастары»: командалар өздерінің арнайы дайындалған шайқас роботтарын ұсынады.

Ұйымдастырушылар

Олимпиада Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы, «Астана Innovations» АҚ, «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы, Астана қаласының білім басқармасы және «STEM Academia» ЖШС қолдауымен өткізіледі. Финал интеллектуалдық қана емес, сонымен бірге жастарды ғылым мен технология төңірегінде біріктіретін қызықты шараға айналады.

Жүлделер мен мүмкіндіктер

Олимпиада көшбасшылары құнды сыйлықтарға ие болады және 2025 жылдың күзіне жоспарланған «Робот шайқастары» халықаралық турниріне шақырылады.

Байланыс ақпараты:

Тел.: +7 708 175 6991
Email: support@stem-academia.com
Telegram арнасы: https://t.me/+mlquhlHtiss4OWNi

STEM халықаралық олимпиадасының финалында жаңа таланттар мен болашақ идеялар туған оқиғаға куә болыңыз!