ПАЙДАЛЫ ДЕМАЛЫС

ПАЙДАЛЫ ДЕМАЛЫС

27 сәуір күні экологиялық айлық аясында «Astana Innovations» АҚ және «Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы» ММ қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қосылып, қаладағы тазалықты сақтауда өз үлесін қосты.

Сенбілік барысында Байқоңыр ауданының С 316 көшесінің аумағы тазаланды.

Барлық тұрғындарды осы пайдалы шараға қосылуға шақырамыз, қаламызды бірге таза әрі жайлы етейік.

Айта кетейік, дәстүрлі экологиялық ай «Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі» атауымен 13 сәуірде басталып, 11 мамырға дейін жалғасады.