МЕКТЕПТЕРДЕГІ КЕШЕНДІ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ДАЙЫНДАЛДЫ

МЕКТЕПТЕРДЕГІ КЕШЕНДІ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ДАЙЫНДАЛДЫ

Қалалық мектептердегі қауіпсіздікті жақсарту үшін Астана қаласы мәслихаты депутаттарының тапсырмасымен цифрландыру және білім басқармасы бірлесе отырып кешенді қауіпсіздік бойынша пилоттық жоба дайындады.
Жоба шеңберінде полиция, жедел медициналық көмек және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметті шақыру үшін білім мекемелеріне «дабыл түймелерін» орнату жоспарлануда.
Дабыл түймелері арқылы жоғарыда аталған қызметтерге тікелей аудио, бейне қоңырау шалуға мүмкіндік туады.
Жалпы қазір төрт мектепте пилоттық жоба жүргізілуде, солардың бірі №60 мектеп-лицейінде қалалық мәслихат депутаттарына жоба жөнінде баяндалып, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.