2024 жылдың 1 - ақпанынан бастап QalaQyzmet менеджерлері жаңа мекенжайда коммуналдық қызметтермен шарт жасасу бойынша халыққа қызмет көрсете бастайды.
1 - ақпаннан бастап бұл қызметтер Сәкен Сейфуллин көшесі, 27 мекенжайы бойынша көрсетілетін болады.
Ал Қабанбай батыр көшесі, 33 мекенжайында орналасқан филиал штаттық режимде жұмыс істейді.
QalaQyzmet орталығының фронт-кеңсесі сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Барлық сұрақтар бойынша 57-89-63 нөміріне хабарласуға болады.