Цифрландыру басқармасы Астана қаласы бойынша cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен бірлесе Smart Astana қосымшасына «STOP ЖЕМҚОРЛЫҚ» фунциясын енгізді.
Жаңа функция арқылы жемқорлық фактілерін азайтуға үлес қоса аласыз.
«Жемқорлық бойынша шағымдану» - арнайы белгіленген жерге сізден кімнің не талап еткенін, оқиғаның қай ауданда болғанын және қандай салада екенін белгілеп жолдайсыз.
«Жемқорлық бойынша арыздану» - бұл жерде арыз үлгісі беріледі, толтырып көрсетілген жерге жүктеп жібересіз.
«Сall-орталық 1424» фунциясы арқылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің call-орталығына қоңырау шала аласыз.
Мобильді қосымша арқылы келіп түскен деректер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіне жіберіледі.
Smart Astana мобильді қосымшасы Play market, Google market және iOS платформаларында қолжетімді.