Олимпиадаға Астана қаласының білім беру ұйымдарынан 8-11 сынып оқушылары қатысты. STEM олимпиадасының мақсаты Астана қаласының білім беру ұйымдарының дарынды оқушыларының зерттеу әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау. Жарыстың әр кезеңінде оқушылар заманауи индустрия өнімдерін құрастырады, зерттеу арқылы өз қолдарымен нақты механизмнің прототипін жасайды.
Командалар мына бағыттар бойынша бақ сынады:
* Робототехника;
* Инженерлік іс;
* Бағдарламалау;
* 3D модельдеу.
Жеңімпаздар және жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылар, жалпы 102 топ ішінен 42 топ Халықаралық STEM олимпиадасында жолдама алды.