Қаланы дамытуға бағытталған жобалар Pitch Day –дың алтыншы легінде таныстырылды. Іс-шара Астана қаласының әкімі Ж.Қасымбек, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Бекмурзаев, ҚР Цифрлық даму министрлігің бірінші вице-министрі Қ. Төлеушин сондай-ақ Астана қаласы цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы М. Аширбековтың қатысуымен өтті. Өтінім берген жобалар әртүрлі бағытты қамтыды: білім беру, денсаулық сақтау, ТҮКШ, қауіпсіздік, көлік қатынасы және т.б. Барлығы 10 жоба тыңдалды.
"Управдом" - тұрғындар, МИБ (ОСИ) және ПИБ арналған цифрлық экожүйе. Кіру жүйесі (QR арқылы) немесе қосымша арқылы шлагбаумдарды қашықтан ашу;
"Oqylyq" – білім саласындағы онлайн-тестілеуді, сертификаттауды, олимпиадалар және қашықтан емтихандарды өткізуге арналған жоба;
"Alaqan Mektep" - оқушыларға арналған, адамның алақаны арқылы іске асатын төлем және қауіпсіздік жүйесі;
"Socium" сандық платформасы- дәрі-дәрмектің тиімді қолданылуын қадағалауға арналған жүйе;
"Иммунитет столицы.KZ" - адамның иммундық мәртебесін анықтау технологиясы;
"Beyne.ai Video analytics" - ашық көздерден және бейнекамералардан келбетті тану және іздеу технологиясы;
"Operational Platform of Expert Recognition (O. P. E. R)" - адамдардың бет-әлпетін, автомобиль нөмірлерін, ситуациялық және жол аналитикасын тануға және сәйкестендіруге мүмкіндік беретін интеллектуалды бейнебақылау жүйесі;
"Student Life" - студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімін автоматты түрде тіркеуге арналған қосымша;
"Қол жетімді аула" - төтенше жағдай кезінде жабық аулаларда көмек көрсететін органдардың жылдам әрекет етеуін тежейтін қиындықтарды шешуге арналған жоба;
"Жергілікті қамту үлесінің мониторингі" - мемлекеттік сатып алу порталынан позициялар мен сертификаттар бойынша деректерді жинауға және талдауға арналған web қосымша түріндегі құрал.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының әкімдігі мен Astana Hub IT-шешімдерді іздеу туралы хабарлаған болатын. Осылайша, стартапшылар әкімдік алдында жобаларын таныстырып, қаланың дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік алды.