ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БҮГІН АЛҒАШ РЕТ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТУДЕ

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БҮГІН АЛҒАШ РЕТ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТУДЕ

Бүгінгі таңда цифрландыру саласында 155 мыңнан астам адам жұмыс істейді, ал ЦДИАӨМ осы заманауи және маңызды сала қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсету үшін бұл мерекеге бастамашылық етті. Цифрлық трансформация – қоғамның өмір сүру сапасын жақсартатын, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Ақпараттық технологиялар саласының қызметкерлері еңбек нарығында сұранысқа ие мамандардың бірі болып табылады.

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласына қатысы бар еңбеккерлердің барлығын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің еңбегіңізге алғысымыз шексіз!