ҚР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шарада спикерлер ретінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясының мүшелері — Танирберген-Дәулет Дулатұлы мен Амангүл Базарова сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері түсіндіріліп, ұсынылып отырған өзгерістер мен олардың елдің одан әрі дамуы, құқықтық институттарды нығайту және қоғамдық-мемлекеттік үдерістердің ашықтығын арттырудағы маңызы талқыланды.

Сондай-ақ ашық қоғамдық диалогтың маңыздылығына және стратегиялық мәні бар шешімдерді талқылауда азаматтардың белсенді қатысуының рөліне ерекше назар аударылды. Кездесу форматы компания қызметкерлеріне сұрақтар қойып, пікір алмасуға және конституциялық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар 15 наурызда жалпыұлттық референдум өтетіні, онда әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, дауыс бере алатыны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек ұжымдары, кәсіби қауымдастықтар және бизнес өкілдерінің қатысуымен осындай диалог алаңдарын одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.