«GIGATECH» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҰЖЫМЫНА ҚР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

«GIGATECH» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҰЖЫМЫНА ҚР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында «GigaTech» компаниясының өкілдері мен қызметкерлерімен кездесу өтті.

Іс-шара «Acтана Innovations» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мақсат Қайнаровтың төрағалығымен өтті. Талқылауға сондай-ақ өз пікірлерін білдірген қалалық коалиция мүшелері, «AMANAT» партиясының өкілдері Тәңірберген-Дәулет Дұлатұлы мен Нұрлан Әділұлы, сондай-ақ «Respublica» партиясының мүшесі Дастан Амангелдіұлы қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері қаралып, ұсынылып отырған өзгерістер мен олардың елдің одан әрі дамуы, құқықтық институттарды нығайту, мемлекеттік үдерістердің ашықтығын арттыру және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейту тұрғысындағы маңызы талқыланды.

Қатысушылар еңбек ұжымдарымен ашық диалог жүргізудің және конституциялық күн тәртібін кең қоғамдық талқылаудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумға азаматтардың қатысуының маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар түсіндіру жұмыстарын жалғастырудың және бизнес, кәсіби қауымдастық пен азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен осындай диалог алаңдарын өткізудің өзектілігін атап өтті.