IKOMEK 109-ДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

IKOMEK 109-ДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК-де (iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығы) «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы және цифрлық мониторингтің өзекті міндеттері» тақырыбында консультациялық кездесу өтті.

Кездесу ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимовтың төрағалығымен ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері түсіндіріліп, сондай-ақ мониторинг пен жедел ден қоюдың цифрлық құралдарын дамыту, басқарушылық үдерістердің ашықтығын арттыру және азаматтармен кері байланыстың сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.

Жиында iKOMEK 109-дың қала тұрғындары мен қалалық қызметтер арасындағы негізгі өзара іс-қимыл арнасы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Ол өтініштерді қабылдауды, орындалуын үйлестіруді және әрекет ету мерзімдерін бақылауды қамтамасыз етеді. Диалог аясында диспетчерлік қызметтің тиімділігін арттыру және деректерге негізделген ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша практикалық аспектілер қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты консультациялар өткізудің маңызын атап өтіп, қалалық қызметтердің сапасын және жедел әрекет ету деңгейін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді одан әрі жетілдіру қажеттігін жеткізді.