АСТАНАДА «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР» АТТЫ 2025 ҚАЛАЛЫҚ STEM ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

АСТАНАДА «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР» АТТЫ 2025 ҚАЛАЛЫҚ STEM ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

Елордада «Білімдегі инновациялар» атты қалалық STEM олимпиадасы өтті. Бұл шараға елордалық мектептер арасынан 8–11 сыныптарында оқитын 200 ден астам оқушыларды қамтыған 74 команда қатысты. Олимпиада оқушылар арасында инженерлік ойлау қабілеттерін мен зерттеу дағдыларын дамытуға, сонымен қатар технологиялық мамандықтарды насихаттауға бағытталған.

Олимпиада барысында қатысушылар өз білімдерін қолдана отырып, инженерия, бағдарламалау және 3D-модельдеу бағыттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындап, нақты мәселелерді шешуде сайысқа түсті. Жарыстан бөлек, оқушылар үшін шоу-бағдарлама, мұғалімдер үшін сарапшы мамандардың қатысуымен тренингтер өткізілді.

«Бүгінгі олимпиада – жай ғана жарыс емес, бұл жас таланттар үшін ілгері даму нүктесі. Дәл осы сәтте келешекте инновацияға айналуы мүмкін инженерлік идеялар туындайды. Біз оқушылардың технологияларға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көріп отырмыз, осы орайда біздің міндетіміз – бұл қызығушылықты қолдап, білім алуға, тәжірибе жасауға және стартап-бастамаларға мүмкіндік жасау», – деді «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасы Ғизат Әмірғали.

Қалалық олимпиада қорытындысы бойынша 34 команда қараша айында өтетін Халықаралық кезеңге жолдама алды, ал ең үздік 5 команда жүлдегер атанып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олар:

  • 1 орын – «SuperNOVA» командасы (Smart Technological School)

Кристина Романико, Айлин Куанышқызы, Яромир Гафнер.

  • 2 орын – «Arasaka» командасы (Алихан Бөкейхан атындағы BINOM School)

Ерден Сиязбек, Арқат Хасанов, Әлихан Мақсұмхан.

  • 3 орын – «Skillset.ASK» командасы (Skillset Schools)

Адия Әбілғазина, Савелий Прозоров, Қадыр Сапарбай.

  • 4 орын – «GearHeads» командасы (№32 мектеп гимназиясы)

Владимир Заводиленко, Ерасыл Қолбаев, Тимур Косыгин.

  • 5 орын – «FABALABADUBDUB» командасы (ФМБ НЗМ Астана қ.)

Даниал Жилкибаев, Ильяс Мартбай, Арлан Мұкажан.

«STEM олимпиадасы қатарынан тоғызыншы жыл өткізіліп келеді, және оған қатысу арқылы балалар заманауи дағдыларды дамытуға мол мүмкіндік алады. Атап айтқанда, сыни ойлау, командада жұмыс істеу, бәсекеге қабілеттілік және инженерлік жобалау сияқты машықтарды қызықты сайыстар мен практикалық тапсырмалар арқылы меңгереді. Бұл олимпиада да дәл осындай форматта ұйымдастырылған», – деп атап өтті «STEM Academia» ЖШС директоры Мураталиұлы Залқарбек.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары – Астана қаласының әкімдігі мен «Astana Innovations» АҚ. Республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығы, дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі «Астана дарыны» орталығы, Астана қаласының білім басқармасы және «STEM Academia» ЖШС іс-шараға қолдау көрсетті.

STEM олимпиадасы инженерлік және цифрлық білім беруді дамытудағы маңызды кезеңге айналды. Ол оқушылардың өзіне деген сенімділігін, бастамашылдығын және заманауи технологияларға қызығушылығын қалыптастырады. Жеңімпаздар мен қатысушыларды келесі кезең – Халықаралық STEM олимпиадасы күтіп тұр. Бұл сайыста олар өз білімдері мен жобаларын көрсетіп, Қазақстанның басқа өңірлерінен және ТМД елдерінен келген талантты құрдастарымен бақ сынай алады.

Астана жас таланттарды қолдауды жалғастырып, инженерлердің, бағдарламашылардың және зерттеушілердің жаңа буынын қалыптастыруда.