АСТАНА ҚАЛАСЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ STEM ОЛИМПИАДАСЫ 2025 БАСТАЛАДЫ

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ STEM ОЛИМПИАДАСЫ 2025 БАСТАЛАДЫ

Жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту және инженерлік, технологиялық мамандықтарды насихаттау мақсатында 2025 жылдың 18 қазанында Астанада елордалық мектептердің 8-11 сынып оқушыларына арналған «Білімдегі инновациялар» Қалалық STEM Олимпиадасы өтеді.

Ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі мен «Астана Innovations» АҚ іс-шараны Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының, Астана қаласының Білім басқармасының және «STEM Academia» ЖШС-нің қолдауымен өткізеді.

STEM Олимпиадасы оқушылардың ғылымға, технологияға, инженерияға және математикаға деген қызығушылығын арттыруға, зерттеу және жобалау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ талантты оқушыларды анықтау мен қолдауға бағытталған.

Іс-шара бағдарламасына кіреді:

  1. Жарыстар: қатысушылар STEM-бағыттары бойынша практикалық тапсырмалар мен жобаларды орындайды.

  2. Дәрістер мен мастер-класстар: тәжірибелі оқытушылар мен салалық сарапшылар ғылым мен технологиядағы заманауи тақырыптар бойынша оқыту сессияларын өткізеді.

  3. Мәдени бағдарлама: іс-шара қатысушыларға арналған ойын-сауық белсенділіктерімен және ойындармен сүйемелденеді.

  4. Марапаттар: жеңімпаздар мен жүлдегерлер өз жетістіктері үшін құнды сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.

Олимпиадаға елорданың әртүрлі мектептерінен 200-ден астам оқушы қатысады. Қатысушылар робототехника, инженерлік іс, бағдарламалау және 3D-модельдеу сияқты бағыттар бойынша жарысады.

Бұл іс-шара оқушылардың инженерлік ойлауы мен ғылыми әлеуетін дамытудағы маңызды қадам, сондай-ақ болашақ ғалымдар, инженерлер және өнертапқыштар арасында идеялар алмасуға және шабыт алуға арналған алаң болады.

Барлық жас ғалымдар мен болашақ инноваторларды осы іс-шараға қосылуға шақырамыз.

Өткізілу күні:

Қалалық кезең: 2025 жылғы 18 қазан (1 күн)

Өткізілу уақыты: 8:30 – 19:30 сағ.

Өткізілу орны:

Қалалық кезең: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 70, №103 мектеп

Қатысу тәртібі:

Қалалық кезеңге қатысу үшін 2025 жылғы 12 қазан сағат 18:00-ге дейін келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет:

https://forms.gle/v4MUE6PxMGgHQqAj6.

БАҚ үшін байланыс ақпараттары:

E-mail: support@stem-academia.com, sm-trener1@stem-academia.com

Телефоны: +7 705 772 05 07, +7 775 470 71 87

Қалалық STEM Олимпиадасы туралы қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген байланыс телефондарына хабарласыңыз.