SMART ASTANA – ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ

SMART ASTANA – ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ

2025 жылғы 27 мамыр мен 27 маусым аралығында елордада нашақорлыққа қарсы дүниежүзілік күнге арналған ақпараттық-профилактикалық айлық өтуде. Басты мақсат — тұрғындарды қауіпсіз қала ортасын қалыптастыруға тарту, соның ішінде цифрлық құралдарды пайдалану арқылы.

Айлық аясында Smart Astana мобильді қосымшасында «Есірткіге жол жоқ» арнайы сервисі жұмысын жалғастыруда. Бұл — әрбір азаматқа есірткі құралдарының заңсыз айналымы туралы жедел әрі анонимді түрде хабарлауға мүмкіндік беретін қарапайым әрі қолжетімді құрал.

Сервистің көмегімен мынадай жағдайларды белгілеуге болады:

  • тыйым салынған заттарды жарнамалайтын жазбалар (есірткі-граффити);

  • күдікті тығылған заттар немесе сақтау белгілері;

  • басқа да заңсыз таратудың нышандары.

Барлық өтініштер автоматты түрде өңделіп, құқық қорғау органдарына дереу жіберіледі. Хабарлама жіберушінің анонимдігі толық сақталады.

«Есірткіге жол жоқ» сервисі — Smart Astana қосымшасының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тұрғындар мен қалалық қызметтер арасындағы жедел байланысты нығайтуға бағытталған функционалының бір бөлігі.

Мұндай цифрлық шешімдер билік пен қоғам арасындағы жаңа өзара іс-қимыл үлгісін қалыптастыруға ықпал етеді. Әсіресе, нашақорлық сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың алдын алу және оған қарсы күресте бұл аса маңызды.

Қосымшаны сілтеме арқылы жүктеуге болады.