Астана қаласы әкімшілігінің «Ветсервис» ШЖҚ МКК кәсіпорын басшысының лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Астана қаласы әкімшілігінің «Ветсервис» ШЖҚ МКК кәсіпорын басшысының лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Астана қаласы әкімшілігінің «Ветсервис» ШЖҚ МКК кәсіпорын басшысының лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

«Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 415 кабинет, анықтама телефондары, 8 (7172) 55-75-12, uoosip@astana.kz Астана қаласы әкімшілігінің «Ветсервис» ШЖҚ МКК кәсіпорын басшысының лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. 

 

  1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім, ветеринария (ветеринария және/немесе ветеринариялық санитария); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану).

Басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл кәсіби тәжірибесінің болуы.

Лауазымдық міндеттері:

Заңнамаға сәйкес ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасау;

Қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелерін қамтамасыз етуге міндетті;

Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін айқындау;

Басқа ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен шарттар, мәмілелер, операциялар жасайды, өкімдер, бұйрықтар шығарады, іскерлік кездесулерде ұйымның атынан өкілдік етеді.

Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылдарын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, олардың қызметін жаңалықтар мен нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жылдам ден қоятын, тауарлар мен қызметтерді икемді және ұтқыр өндіруді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды;

Ұйым жұмысының тиімділігін арттыруды, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды, олардың мемлекеттік стандарттарға және жоғары дамыған елдердің стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

Ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру қорлары, өнім жеткізушілер, тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісім-шарттардың) және индикативті жоспар мен бизнес-жоспарлардағы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Жаңа техника мен технологияларды, еңбекті басқару мен ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын, еңбек өнімділігін, экономикалық тиімділікті, өндірістік резервтерді ұтымды пайдалануды және ресурстардың барлық түрлерін үнемді пайдалануды пайдалану негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастыру;

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды;

Ұйымның қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнамада берілген құқықтар шегінде шешу, қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымды тұлғаларға, директордың орынбасарларына, филиалдардың басшыларына, сондай-ақ функционалдық және өндірістік бөлімшелерге тапсыру.

Ұйымның қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын, нарықтық жағдайларда қаржылық басқару және жұмыс істеу үшін құқықтық құралдарды пайдалануды, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайтуды, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді қамтамасыз ету;

 

Жетекшілік ететін саланың құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, өз құзыреті шегінде азаматтардың ұсыныстары мен өтініштерін қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды;

Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық-санитариялық-профилактикалық iс-шараларды жүргiзедi;

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды тасымалдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

Сотта, төрелік сотта, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұйымның мүліктік және басқа да мүддесін қорғайды және оның атынан өкілдік етеді.

Лауазымдық жалақысы – 800 000 теңгені құрайды;

Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Республикалық, облыстық және жергілікті мемлекеттік органдар мен басқару және  Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін, тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының экономикасын және экономикалық қызметінің тиісті түрін дамытудың басым бағыттарын айқындайтын мемлекеттік органдардың актілері, ұйымның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективаларын, стратегиясын, басымдықтарын, ұйымның қызметіне қатысты әдістемелік және басқа да материалдарды ұйымның қызметі, ұйымның бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшеліктері, есепке алу және қаржылық талдау негіздері, кредит беру схемалары, ұйымның өндірістік қуаттары мен кадр ресурстары, шаруашылық және қаржылық шарттарды жасасу және орындау тәртібі, ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі, еңбек заңнамасы,ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.

  1. Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:

            1) Он сегіз жасқа толмаған;

            2) Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

            3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу күні бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.

3-тармақта көрсетілген барлық құжаттар болған кезде, сондай-ақ адам Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 02 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттаудан өткізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды берген адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімді құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.

  1. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
  2. Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізген кезде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.

Сондай-ақ біліктілік талаптары мен тиісті кәсіпорын басшысының лауазымдық нұсқаулықтары негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі айқындалады.

  1. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелері жалпы санының жай көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

Ерекше пікірі бар Комиссия мүшелері, оны білдірген жағдайда, жазбаша нысанда баяндалады және хаттамаға қоса беріледі.

Талқылау барысы мен Комиссия қабылдаған шешім хаттама түрінде ресімделеді, оған Комиссияның барлық мүшелері мен Комиссия хатшысы қол қояды.

Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.

  1. Егер конкурсқа қатысуға осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін екіден кем кандидат конкурстық өтінімдер ұсынса не конкурстық өтінімдер түспесе немесе кері қайтарылса, сондай-ақ конкурс нәтижесінде комиссия кандидаттарды анықтамаса, онда конкурстық комиссия конкурсты өтпеді деп таниды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.

 

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарыарқа даңғылы 13-үй, 4-қабат, 415 кабинет (анықтама үшін телефондар: 55-75-12).