Басқармада «Қоғамда сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру» және «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау туралы» тақырыбында ашық үстел өткізілді. Қатысушылар: Басқарманың қызметшілері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері - Кенебаева Алмагүл Ерсінқызы мен Астана қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі - Амантай Ғалымжан Амантайұлы.
Ашық үстелде, Басқарма қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ және Әдеп кодексіне енгізіліп жатырған жаңа өзгерістер жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар, Басқармада жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және заңнама талаптарын қатаң сақтау жөнінде талқыланды.