Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) келесіні хабарлайды.

Қазіргі уақытта Министрлік ең үздік қолжетімді техникаға (бұдан әрі – ЕҚТ) көшу реформасын іске асыру үшін ЕҚТ бойынша анықтамалықтар  әзірлеуде.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-санаттағы ірі кәсіпорындардың (ТОП-50) ЕҚТ қолдануға байланысты кешенді экологиялық рұқсаттарға міндетті түрде көшуі көзделген.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін ЕҚТ көшуді кезең-кезеңмен жасау ұсынылады. Кәсіпорын 10 жыл ішінде экологиялық тиімділік бағдарламасына сәйкес ЕҚТ енгізеді. ЕҚТ көшу кезінде кәсіпорындар эмиссиялар үшін төлемдерден босатылады, олай болмаған жағдайда мөлшерлермер 2025, 2028 және 2031 жылдардан бастап 2, 4, 8 есе өсетін болады.

Уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізудегі түйінді рөлін ескере отырып, қорытындыларда белгіленген технологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін қондырғыларды пайдалануға жол бермеу мақсатында экономика секторларын дамыту бағдарламаларын жоспарлау, іске асыру кезінде ЕҚТ енгізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын басшылыққа алу қажет деп санайды.