Халықаралық көрме Mining & Metals Central Asia

Халықаралық көрме Mining & Metals Central Asia

Құрметті тау-кен өндіру және металлургия салаларының басшылары мен кәсіпорын өкілдері!

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы 2026 жылғы 16–18 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында 31-ші Орталық Азия халықаралық Mining & Metals Central Asia — «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі өтетінін хабарлайды. Көрме Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі салалық іс-шаралардың бірі болып табылады. 2026 жылы көрмеге әлемнің 30 елінен 520-дан астам компания қатысады. Олардың қатарында тау-кен жабдықтарын өндірушілер, заманауи технологияларды жеткізушілер, инвестициялық және инжинирингтік компаниялар бар. Көрме аясында тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібіне арналған заманауи технологиялар мен жабдықтар, оның ішінде мынадай бағыттар бойынша шешімдер ұсынылады:өндірістің тиімділігі мен өнімділігін арттыру; ресурстарды үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану; қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету; заманауи табиғатты қорғау технологияларын енгізу; экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.Сала кәсіпорындары мен мүдделі мамандарды заманауи технологиялық шешімдермен танысуға, практикалық тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстар орнатуға, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту және табиғатты қорғау қызметінің өзекті мәселелерін талқылауға арналған көрмеге қатысуға шақырамыз. Көрме 22-ші Қазақстан халықаралық KAZCOMAK — «Жол-құрылыс техникасы» көрмесімен қатар өткізіледі. Аталған көрмеде жол және құрылыс салаларына арналған заманауи техника мен жабдықтар ұсынылады.

Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 16–18 қыркүйек
Өткізілетін орны: «Атакент» көрме орталығы, Алматы қаласы.

Көрмеге қатысу кәсіпорындарға саладағы озық шешімдермен танысуға, сондай-ақ оларды өндірістің тиімділігін арттыру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолдану мүмкіндіктерін қарастыруға мүмкіндік береді.