«Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) «Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтары, белдеулер, олардың шекаралары және шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 205-4542 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Астана қаласы әкімдігі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Жобаның мақсаты Астана қаласында, Кіші Талдыкөл көлінің № 5 учаскесінде, сондай-ақ Тассуат көлінің учаскесінде, Мичурино тұрғын алабы ауданындағы Есіл өзенінің ескі арнасы учаскесінде су қорғау аймақтары мен жолақтарын және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу болып табылады.
Осыған орай Басқарма аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Жоба төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15771105
______________________________