Автокөлік әуесқойлары интернет-алаяқтардың нысанасына айналды

Автокөлік  әуесқойлары  интернет-алаяқтардың  нысанасына айналды

Бас  прокуратураның  Құқықтық  статистика  және  арнайы  есепке  алу комитетінің Қылмыстық  қауіп-қатердің  және  қоғамдық  қауіпсіздіктің тәуекелдерін  болжау  орталығы азаматтардыәлемде қарқын  алып  жатқан жаңакиберқауіп туралы ескертеді. Шетелдік  дереккөздерге  сәйкес («DepartmentofMotorVehicles»  (АҚШ) https://www.dmv.ca.gov/p ortal/dmv-scam-alert/ , «Комсомольская правда» https://www.yar.kp.ru/online/news/6556683/?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Fby%2Fstory%2F3850f569-3ebd-5b7d-88a2-cdfeb21a5838, «Аргументы и Факты») зиянкестерЖол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалған қаулылардыжаппай жіберіп жатыр.

 Хаттар мен хабарламалар электрондық поштаменмессенджерлерге жіберіледі және жүргізуші,көлік нөмірітуралы деректерді және «айыппұл төлеуге»сілтемені қамтиды.Шынмәнінде, бұл фишингтік шабуыл. Банк картасының деректерін енгізген  кезде  сіздің  шотыңызға  толық  қол  жеткізіледі және  барлық қаражатты  ұрлау  мүмкін. Жекелегенжағдайларда  сілтемеде  құрылғыдан жеке деректерді ұрлауға арналған вирусты қамтиды.Бүгінгі  күні, шабуылдар  Ресей  мен  АҚШ-та  тіркелген,  сондықтан мұндай схеманың Қазақстанда таралу қаупі бар.Әкімшілік айыппұл салу туралы ресми хабарламалартек 1414 қысқа нөмірінен келіп түседі және төлем сілтемелерін қамтымайды. Салынған айыппұлдар  туралы  ақпарат egov.kzарқылы банктердің  мобильді қосымшаларынада берілетінін естеріңізге саламыз.Егер сіз 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама алсаңыз және онда төлем  сілтемесі  болса –ол  бойынша  өтпеңіз!  Бұл алдау!  Мұндай хабарламаларды алаяқтар жібереді!Ұсынамыз:-сілтемелер  арқылы  өтпеңіз және  күмәнтудыратынхаттардың тіркемелерін ашпаңыз;-айыппұлдар  туралы  ақпараттытек egov.kz, qamqor.gov.kzресми ресурстарында және банктердің мобильді қосымшаларында қайтатексеріңіз.Егер сіз сілтеме арқылы өтіп, деректердіенгізген болсаңыз:-банк картасын шұғыл бұғаттаңыз;-ықтимал  алаяқтық  фактісі  туралы  банкке  және  полицияға  102 телефоны арқылы хабарлаңыз;-құрылғыны вирустың бар-жоғынатексеріңіз.

Сақ  болыңыз.  Жақындарыңыздыескертіңіз.  Алаяқтарға мүмкіндік бермеңіз!