
Құрметті әріптестер және достар! Бүгін, 12 мамыр күні, біз Халықаралық медбикелер күнін атап өтеміз. Медбикелер тек кәсіпқой мамандар ғана емес, олар – біздің заманымыздың батырлары.
Бүгінгі таңда елордада 6 мыңнан астам медбике жанқиярлықпен еңбек етуде.
Сіздердің еңбегіңіз – жоғары адамгершіліктің, кәсібиліктің және жанашырлықтың айқын көрінісі. Біз сіздерді мақтан тұтамыз және ортақ игілікке қосқан әрбір үлесіңізді бағалаймыз.
Күндеріңіз сәтті көрсетілген көмектің қуанышына, пациенттеріңіз бен әріптестеріңіздің ризашылығына толы болсын. Әр таң игі істер мен жеңістер үшін жаңа мүмкіндіктер әкелсін.
Жанқиярлық қызметіңіз, адалдығыңыз және кемелдікке ұмтылғаныңыз үшін алғыс білдіремін. Кәсіби мерекемен құттықтаймын!
Құрметпен, Басқарма басшысы Әлия Рүстемова
12 мамыр 2024 жыл