Елордалық медициналық ұйымдардың басшылары үшін шеберлік сыныбы

Елордалық медициналық ұйымдардың басшылары үшін шеберлік сыныбы

Басшы – ұжым көшбасшысы. Джон Фицджеральд Кеннеди айтқандай, көшбасшылық пен оқыту бір-біріне қажет.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Оқыту және құзыреттерді дамыту орталығымен бірлесіп, медициналық ұйымдардың басшыларына «Клиентке бағдарланған сервис: эмоциялар мен коммуникацияларды басқару» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – персоналды үздіксіз дамыту және медициналық ұйымдарда сервисті жақсарту.

Шеберлік сыныбының жаттықтырушысы EACEIP эмоционалды интеллектті дамыту бойынша сертификатталған жаттықтырушы, бизнес-тренер ретінде 10 жылдан астам және персоналды басқару саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби коуч – Асель Муратова болды.

Тренинг барысында қатысушылар мен жаттықтырушылар білімдерімен, идеяларымен, пікірлерімен алмасты: клиентке бағдарлану, эмоционалды интеллект, қарым-қатынас дағдылары және жанжалды жағдайларда эмоцияны басқару сияқты тақырыптар бойынша пікірталас өткізді және практикалық тапсырмаларды орындады.