Елордада АПВ вакцинасын енгізудің маңыздылығы туралы оқыту тренингі өтті

Елордада АПВ вакцинасын енгізудің маңыздылығы туралы оқыту тренингі өтті

Елордалық дәрігерлер үшін №10 қалалық емханада 11 жастағы қыз­дарға адам папилломавирусына қарсы вак­цинаны салу маңызы туралы арнайы екі күндік оқыту тренингі өтті.­ Іс-шара қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Адам папилломавирусы (АПВ) – әртүрлі мүшелердің тері мен шырышты қабаттарына әсер ететін кең таралған вирустар тобы. Оның 14 түрі онкогенді – онкологияның дамуына әкеледі. Тіпті жатыр мойны обырының дамуын әйелдің адам папилломавирусын жұқтыруымен байланыстырады. ДДҰ мәліметтері бойынша 4 елде АПВ вакцинасын енгізгеннен кейін аурудың таралуы айтарлықтай төмеңдеді.

Қазақстанда ағымдағы жылдың күз мезгілінен бастап 11 жастағы қыздарды вакцинациялау жоспарлануда. Бұл жас онкологтардың ұсынысына сәйкес таңдалды: 11-14 жас аралығында иммундау тұрақты иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.

Айта кетсек, әлемде бұл вакцинаға сұраныс өте жоғары. Бүгінгі таңда АПВ вакцинасы 15 жылдан астам бойы әлемнің 135 елінде қолданылып келеді.