Елордалық медициналық ұйымдарда пневматикалық емес шокқа қарсы киім қолданыла бастайды

Елордалық медициналық ұйымдарда пневматикалық емес шокқа қарсы киім қолданыла бастайды

Ана өлімінің негізгі себебі – көбінесе босанғаннан кейін бірден туындайтын акушерлік қан кету. Қазіргі уақытта осы мәселенің алдын алуға бағытталған кейбір жаңа технологиялар зерттеліп, енгізілуде. Олардың бірі – пневматикалық емес шокқа қарсы киім – акушерлік қан кетуден болатын шокты емдеу үшін қолданылатын төмен технологиялық алғашқы көмек көрсету құралы.

Енді Қазақстанда алғаш рет мұндай киім елордалық медициналық ұйымдарда, атап айтқанда барлық перзентханаларда және жедел жәрдемде қолданыла бастайды. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Ayala» қамқорлық қорымен бірлесіп 9 пневматикалық емес шокқа қарсы киім табыстады.

Мекеме мен қызметкерлердің мүмкіндіктеріне байланысты бұл киім келесі жағайларда пайдаланылуы мүмкін:
• алғашқы көмек ретінде;
• шокты тоқтату үшін;
• егер қан кетуді тоқтату әдістері нәтиже бермесе;
• радикалды терапияны күту үшін(эмболизация, хирургия, қан құю).

Сондай-ақ, іс-шара аясында «UMC» КҚ Әйелдер денсаулығы департаментінің директоры, профессор Гаури Бапаева аталмыш киімді пайдалану бойынша шеберлік сыныбын өткізді.