Бір рет басу арқылы сенімділік пен қауіпсіздік: жедел қызметтерге жылдам қоңырау шалу үшін дабыл түймесі

Бір рет басу арқылы сенімділік пен қауіпсіздік: жедел қызметтерге жылдам қоңырау шалу үшін дабыл түймесі

Қуанышты жаңалықпен бөлісуге асығамыз!

«Астана Innovations»АҚ-мен бірлесіп әзірленген пилоттық жоба аясында қаланың төрт мектебінде (№ 59, 60, 71, 74) жедел медициналық жәрдем, полиция және төтенше жағдайлар қызметтерін жедел шақыру үшін дабыл түймелері орнатылды.

Дабыл түймесі – бұл қоғамдық қауіпсіздіктің инновациялық шешімі. Бұл құрылғыны бір рет басу арқылы сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, орнату орнынан төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тікелей жедел медициналық жәрдем, ІІМ немесе ТЖМ немесе жедел әрекет ету орталығына шұғыл қоңырау шалуға мүмкіндік береді.

Дабыл түймесін пайдаланудың артықшылықтарының арасында:

  • пайдаланудың қарапайымдылығын;
  • жылдам сигнал беру;
  • жедел көмек көрсету;
  • мектептердегі кешенді қауіпсіздік жүйелеріне интеграция;
  • бетті тану арқылы бақылауды модернизациялау мүмкіндігін атап өтуге болады.

Шұғыл қоңырау шалу түймесі ағымдағы жылдың 28 наурызынан бастап сынақтан сәтті өтуде және халыққа әрқашан қолында жылдам көмек көрсете отырып, шұғыл қызметтердің жұмысын жеңілдетті. Елорда шәкірттері мен қала тұрғындарының қауіпсіздігі әрқашан біздің басты приоритетіміз болып қала береді!