Жастар денсаулық орталығы туралы не білу қажет?

Жастар денсаулық орталығы туралы не білу қажет?

Жастар денсаулық орталығы – бұл жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктеріне байланысты денсаулықты сақтау мәселелері бойынша кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық көмек көрсететін мекеме. Орталықтың қызметі жастардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайтуға бағытталған.

Денсаулық орталықтарында келесі сұрақтар бойынша кеңес алуға болады:

  • репродуктивті денсаулық;
  • контрацепция;
  • отбасын жоспарлау;
  • жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу;
  • алкоголизмнің, нашақорлықтың және темекі шегудің алдын алу;
  • ұтымды тамақтану;
  • балалар мен ата-аналар қарым-қатынасы;
  • отбасындағы және қоғамдағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық мәселелері;
  • стресс пен депрессиялық жағдайлардың алдын алу.

ЖДО-да терапевт, педиатр, гинеколог, уролог, дерматовенеролог, психолог, әлеуметтік қызметкер, тіпті заңгер сияқты мамандар қабылдайды.

Елордада барлығы 24 жастар денсаулық орталығы бар. Қала тұрғындары ЖДО тізімімен Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында («Пайдалы сілтемелер» блогы) таныса алады.