МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар бойынша Өңірлік штаб отырысы

МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар бойынша Өңірлік штаб отырысы

Денсаулық – адамның басты байлығы және біздің мемлекетіміз медициналық қызмет алу үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады: елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істейді.

Өңірлік штабтың отырысында МӘМС жүйесіндегі сақтандырылмаған азаматтарға қатысты қаладағы жалпы жағдай талқыланды.
Бүгінгі таңда сақтандырылмағандар саны – 235 мыңнан астам адам, бұл елорда халқының жалпы санының 16%-ын құрады. Оның ішінде 12 мыңға жуығы «Е» санаты бойынша сақтандырылмаған.

Әрине, сақтандырылмаған азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қажетті тегін көмекке жүгіне алады. Алайда, мұндай жағдайда көрсетілетін қызметтер тізімі шектеулі.
МӘМС – бұл өзара көмек көрсету жүйесі, онда үнемі жарна салатын әрбір адам толықтырылатын сомаға қарамастан, қажетті уақытта медициналық қызметтерді толық көлемде ала алады.

Кеңес қорытындысы бойынша әріптестер МӘМС жүйесіне кіру үшін «Е» санатындағы азаматтарға есепке қою, жеңілдікті санатқа кіру және жұмыс орындарын құру сияқты жағдайлар жасау бойынша шараларды қарастырды.