Елордада «Жақсы дәрігер» фотокөрмесі өтті

Елордада «Жақсы дәрігер» фотокөрмесі өтті

Карантин кезінде, қоғам нақты қауіпке тап болған кезде, біздің дәрігерлер азаматтардың денсаулығын қорғау үшін өз өмірлерін тәуекелге тігіп, жанқиярлықпен еңбек етті. Қаншалықты қайғылы болса да, коронавирус қоғамды дәрігерді құрметтеуге және бағалауға үйретті. Бүгінгі фотокөрме осының тағы бір айқын дәлелі болмақ.

Елордалық филармонияда денсаулық сақтау батырларын қолдау мақсатында «Жақсы дәрігер» фотокөрмесі өтті. Іс-шарада live форматындағы фотосуреттер қойылды – суреттер дәрігерлердің күнделікті өмірі туралы «үн қатты». Әр кадрда олардың адамды құтқаруға арналған жанқиярлығы, пациентке деген қамқорлығы және мейірімділігі айқын көрсетілген.

Сондай-ақ, көрмеге келушілер үшін концерттік бағдарлама мен фуршет ұйымдастырылды.