ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарованың елорда тұрғындарымен кездесуі

ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарованың елорда тұрғындарымен кездесуі

Ағымдағы жылдың 27 наурызында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова №10 қалалық емханада елорда тұрғындарымен кездесті.

Шара барысында халыққа медициналық қызмет көрсетудің шарттарымен танысып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқыладық.

Тұрғындармен кездесу және азаматтарды жеке қабылдауда елордалықтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тікелей жауапты тұлғалардан жауап алды.

Біздің жұмысымызда сөзсіз басым бағыт – елордадағы медициналық көмектің сапасын арттыру.

Барлық қатысушыларға нәтижелі жұмысы мен ашық диалогы үшін алғыс айтамыз.