ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗЕДІ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗЕДІ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ертең, 27 наурызда Астанада халықпен, қоғамдық кеңес мүшелерімен, жергілікті мәслихат депутаттарымен және азаматтық белсенділермен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, ведомство басшысы брифинг барысында жергілікті және республикалық БАҚ журналистерінің сұрақтарына жауап береді, азаматтарды жеке қабылдауды өткізеді.

Екі күн бұрын министр елордалық стационарлар мен емханаларға барып, жұмыс сапарлары барысында медициналық ұйымдардың басшыларымен медициналық көмек көрсетудің проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.