Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні

24 наурыз күні Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі.
Осыған орай, бүгін халықты ақпараттандыру мақсатында бүкіл елорда бойымен дауыс зорайтқышы бар көлік жүріп өтті. Бұл акцияны қалалық емханалар эстафета ретінде бір-біріне жолдады: автокөлік бір медициналық ұйымнан келесі ұйымға дейін жүріп өтіп, осылайша бүкіл Астананы аралады.

Сонымен қатар, бұл күні ірі қалалардың көптеген көрікті жерлері қызыл түспен ерекшеленеді. Елорда да бұл акцияға қосылды: қызыл түспен «Арқар» және «Сығанақ» көпірлері, «Нұр Әлем» сферасы және «Бәйтерек» монументі қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 24 ақпанынан «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз!» ұранымен туберкулездің алдын алу айлығы басталған болатын. Айлық кезеңінде елордада кең ауқымды ақпараттық-ағарту жұмыстары өткізілді.

Негізгі мақсат – халықтың туберкулездің алғашқы белгілері туралы, уақтылы медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы, емдеу мен алдын алу шараларының тиімділігі туралы хабардарлығын арттыру.