Денсаулық сақтау министрі елорданың бірқатар медициналық нысандарын аралады

Денсаулық сақтау министрі елорданың бірқатар медициналық нысандарын аралады

21 наурыз күні Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елорданың бірқатар медициналық мекемелерін аралап, медициналық көмек көрсетудің негізгі аспектілеріне және денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын жақсарту әдістеріне назар аударды.

Министр сапарын №3 көпсалалы қалалық ауруханадан бастап, қазіргі жағдайымен, стационар жұмысының ерекшеліктерімен танысты, ғимараттың тозуына байланысты проблемаларды атап өтті. Айта кету керек, ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын, бұл мыңдаған пациенттер үшін емдеу шарттарын жақсартады.

№1 көпсалалы қалалық ауруханада кредиторлық берешек, шығыстарды оңтайландыру және ақпараттық медициналық жүйелердің тиімділігі мәселелері талқыланды. Бұл ресурстарды тиімді пайдалануға және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

№15 қалалық емханадағы сапар күн тәртібіне жалпы практика дәрігерлері деңгейінде көмек көрсету және пациенттерге медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін процестерді оңтайландыру мәселелерін көтерді.

№2 көпсалалы қалалық ауруханадағы госпитальдық фармацияға ерекше назар аударылды. Бұл жүйе – пациенттердің қауіпсіздігі мен қаржылық үнемдеуді жақсартуға мүмкіндік беретін дәрі-дәрмектерді басқарудың заманауи тәсілі.

Сапар қорытындысы бойынша министр денсаулық сақтау саласындағы маңызды жақсартулар мен сапалы нәтижелерге қол жеткізу бойынша өзекті мәселелерді шешу үшін басым міндеттерді атап өтті және нақты тапсырмалар берді.