Жыл басынан бері көкжөтелмен ауырғандардың 91%-ы вакцина алмағандарға тиесілі

Жыл басынан бері көкжөтелмен ауырғандардың 91%-ы вакцина алмағандарға тиесілі

Бүгін вакцинамен басқарылатын инфекциялармен сырқаттанушылықты төмендету бойынша жедел штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде қаладағы көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай мәселесі қарастырылды.

Елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың 2 айында тіркелген аурушандық 2023 жылдың жылдық аурушаңдығына тең.

Мұның себебі, әрине, халықтың иммунизацияланбаған бөлігі жылдан жылға өсуінде. Егер жыл басынан бері көкжөтелмен ауырғандардың 9%-ы вакцинацияның толық емес курсымен егілген болса, 91%-ы мүлдем вакцина алмаған.

Бұл – халықты жұқпалы ауруларға қарсы иммундаудың аурудың алдын алуда маңызды рөл атқаратындығының дәлелі.

Басқарма елорда тұрғындарын өзінің және балаларының денсаулығын сақтауға, сондай-ақ түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында қажетті вакцинаны алуға шақырады.