Қазақстанда емханаға тіркеу науқаны жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында жүреді. Емханаға кім тіркелуі керек, отбасының барлық мүшесі бір медициналық ұйымда болуы керек пе? Оны қалай таңдайды? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ең өзекті сауалдарға жауап әзірледі.
Емханаға тіркеу өтінімі қанша уақыт қаралады?
Тіркеуге өтінімді электронды үкімет порталы арқылы берген жағдайда, тіркеу (немесе тіркеуден нақты себептермен бас тарту) 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
Егер басқа емханаға тіркеу өтінімі тіркелу науқаны кезінде берілсе, пациент ол жерде медициналық көмекті қашаннан бастап алады?
Тіркеу науқаны 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүреді, ал оның нәтижесі келесі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Яғни, пациент (сол емхана оның тіркеуге өтінімін растаған жағдайда) өзге емханадан медициналық көмекті келесі жылдың басынан бастап алады.
Өзге емханаға тіркелген кезде, бұрынғысынан автоматты түрде есептен шығарылады.
Емханаға кім тіркеле алады?
Емханаға ҚР азаматтары, шетелдіктер және ҚР аумағын тұрақты мекен ететін (тұруға ықтиярхаты бар), азаматтығы жоқ тұлғалар тіркеледі алады. Бұл санатқа жататын азаматтардың Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында және МӘМС жүйесінде қызмет алуға құқы бар.
Емханаға сондай-ақ ҚР аумағына уақытша келген еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері де тіркеле алады. Олар – ЕАС-қа қатысушы-мемлекеттердің (Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Армения) азаматтары. Ол үшін олардың медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) пен стационарлық көмек шығынын өтеуге арналған ерікті медициналық сақтандыру келісімшарты (полис) болуға тиіс.
МСАК-қа ЕМС келісімшарты негізінде емханаға тіркеліп, ТМККК аясына кіретін медициналық көмек алуына болады. Бұл ретте еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері МСАК-қа ЕМС келісімшартынсыз Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) кіретін медициналық көмекке қол жеткізе алмайды.