Бүгін бүлдіршіндерге арналған кезекті көңілді шара астаналық Балалар үйінде ұйымдастырылды. Мекеменің мерейтойы да бүгінгі жайдарлы мерекемен тұспа-тұс келді.
Іс-шараға меценаттар, елорда әкімдігінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мәдениет қайраткерлері қатысты.
«Біздің мекеме Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилерді қабылдаған. Тіпті қиын күндерде де ол жұмысын тоқтатқан жоқ, өйткені балалар ешбір жағдайда жалғыз қалмауы керек. Біздің басты міндетіміз - үйді барынша қамқорлық пен сүйіспеншілікке толтыру», - деді Балалар үйінің директоры Татьяна Цечоева.
Татьяна Цечоева атап өткендей, әр бала отбасында өмір сүру және тәрбиелеу құқығымен дүниеге келеді және әрқайсысы бақытты болуға лайықты.
«Балалар туралы жазылған парақты қарап отырсаңыз, бүкіл еліміздің тарихын ақтарғандай боласың. Бұл үйдің қабырғалары көп нәрсе айта алатын еді. Олар жалғыздықтың қайғы сезіміне де, отбасылық қуанышты да сіңірген», - дейді ол.
Салтанатты іс-шарада қонақтар үшін балалар мен тәрбиешілердің орындауында мерекелік фуршет пен концерттік бағдарлама дайындалды.
«Балалар үйінде қазіргі таңда 70-ке жуық бала қамқорлыққа алынған. Тарихы тереңде жатқан ұйымның қызметі аса жауапты дер едім. Әкімдік тарапынан елордалық барша кішкентай тұрғындардың денсаулығы, жарқын болашағы үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Жас ұрпақтың дені сау, білімді, ұлтжанды болып өсуіне қызмет етеміз», - деді Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.
Сондай-ақ шара барысында егіз балақайларға «Тұсау кесу» дәстүрі жасалды.