«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) басшысының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 242-ө бұйрығына сәйкес, Басқарма сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуінің басталуы туралы хабарлайды.
Өткізу мерзімі: 2023 жылғы 18 мамырдан 17 маусымға дейін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) Басқарма қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы немесе оларды жою жөніндегі ұсыныстарды a.seidualieva@astana.kz электрондық поштаға және/немесе келесі мекенжай бойынша: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, жолдауға болады.