Ерте жүктілік пен оның салдарының алдын алуда отбасы шешуші рөл атқарады

Ерте жүктілік пен оның салдарының алдын алуда отбасы шешуші рөл атқарады

Бұл туралы бүгін Астана қаласының Коммуникациялар қызметінің алаңында елорданың бас балалар гинекологы Наталья Мунько айтып берді.  

«Ата-аналар тарапынан балалардың жыныстық тәрбиесі мәселелеріне аса назар аудармау байқалады, олар мұны өзгелер жасауы керек деп санайды, ал жасөспірім қазір БАҚ пен интернеттен кез келген ақпаратты ала алады. Сондықтан жасөспірімдердің ерте жастағы жүктілігін дұрыс емес жыныстық тәрбиенің немесе жалпы оның болмауының нәтижесі ретінде қарау керек», - дейді маман.

 

Әлі жетілмеген жас ағза үшін жүктілік көптеген асқынуларға әкеліп соғады:

  • түсік тастау мүмкіндігі;
  • анемия;
  • бірінші триместрдегі токсикоз;
  • өздігінен түсік тастау;
  • сәбидің дамуына байланысты проблемалар;
  • плацентаның бұзылуы немесе бөлінуі;
  • ерте босану; кейінгі патологиялармен босану;
  • кенеттен нәресте синдромы немесе өлі туылу;
  • босанғаннан кейінгі қан кету;
  • ата-анадан қорқу салдарынан жүктілікті бақылаудың болмауы;
  • жасөспірім ананың депрессияға тап болуы және өзіне қол жұмсау әрекеттері;
  • материалдық қиындықтар, т.б.

 

Маманның айтуынша, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алудың маңызды әдісі - кеңес беру. Жасөспірімдерге кеңес беру олардың мінез-құлық ерекшеліктерімен байланысты: жасөспірімдермен жұмыс істеу кезінде әңгіменің құпиялылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ эмпатия таныту маңызды, кінәрат тағудан аулақ болу қажет.