2023 ЖЫЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ СҰРАҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2023 ЖЫЛЫ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ СҰРАҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрігерлердің жалақысын 30%-ға, орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға арттыру көзделген. Осыған байланысты,   ағымдағы жылдың 03 ақпанында «Денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлердің 2023 жылғы жалақысы» тақырыбында қалалық медициналық ұйымдардың қатысуымен жиналыс өтті.

Жиналыс барысында Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «AQNIET»   Қазақстандық   денсаулық   сақтау   қызметкерлерінің салалық   кәсіптік   одағы»   ҚБ, «SENIM»   Денсаулық   сақтау   жүйесі қызметкерлерінің     салалық     кәсіптік     одағы»     РҚБ, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Астана қаласы бойынша филиалы аталмыш сұрақ бойынша түсіндірме жүргізді.

Біліктілік санаттарын ескере отырып, еңбекақы төлеу мәселесі бойынша 2023-2025 жылдарға арналған салалық келісім, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап жалақыны көтеруге медициналық қызметтерге тарифтерді ұлғайту және т.б. сұрақтар талқыланды.