Жөндеуден кейінгі жаңа корпус өз жұмысын бастады

Жөндеуден кейінгі жаңа корпус өз жұмысын бастады

Ведомстволық бағынысты ұйымдардың инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін алғашқы науқастарын қабылдап бастады.

«Бәріңіз білетіндей, былтыр Балалар жылына орай сәби денсаулығын қорғауға аса көңіл бөлінген болатын. Бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Аталмыш бөлімде өкпе ауруларымен келген 18 жасқа дейінгі елорда тұрғындарына қызмет көрсетеміз. Орта есеппен айына 350-ге жуық кішкентай науқас ем алады. Одан бөлек орталық зарарсыздандыру бөлімшесі, ас блогы, кір жуатын орын толықтай жөндеуден өтті. Енді 3 этаждық жаңа корпус балаларымыздың игілігі үшін жұмыс істейтін болады», - деді Басқарма басшысы Тимур Мұратов.

Айта кетейік, ағымдағы жылы 7 нысан бойынша 2022 жылы басталған күрделі жөндеулерді аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, 2,1 млрд.теңге сомасына 6 жаңа нысанды күрделі жөндеу жоспарлануда.