Сарапшылар балалар арасындағы нейроинфекция мәселелерін талқылады

Сарапшылар балалар арасындағы нейроинфекция мәселелерін талқылады

Тағы бір маңызды семинар біздің аурухана өтіп жатыр. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген сарапшылар, профессорлар бірнеше күн бойы балалардағы жүйке жүйесінің аутоиммунды аурулары мәселелерін талқылайтын болады.

Семинар барысында қатысушылар нейроифекциялық және аутоиммунды аурулары бар пациенттерді диагностикалау және басқару, емдеудің бірыңғай стратегиясы мен тактикасын әзірлеу мсұрақтарын қарастырады. Сондай-ақ, балаларды вакцинациялау тақырыбы қозғалады.

Семинардың бірінші күні невропатологтар, инфекционистер, педиатрлар, ЖПД вирустық инфекциялармен байланысты клиникалық жағдайларға шолу жасады.

Бірнеше спикерлер вирустық энцефалитоа және олардың асқынулары тақырыбында сөз сөйледі, сондай-ақ коронавирустық инфекция аясында осы аурулардың өршу жағдайын талдады.

Дәріс соңында пікірталас өтіп, әркім емдеу тактикасын жақсарту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.