Елорда тұрғындары өмір сүру ұзақтығы бойынша бірінші орында

Елорда тұрғындары өмір сүру ұзақтығы бойынша бірінші орында

Бұл туралы бүгін ҚР ДСМ вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев және басқарма басшысы Тимур Мұратовтың қатысуымен өткен жиында айтылды.

«Ел саясатындағы аса маңызға ие басым бағыттардың бірі – тұрғындарымыздың денсаулығы. Бұл туралы мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Беркелі қоғам» Жолдауында айқындалғаны баршамызға мәлім. Өткен 2022 жыл елордамыздың денсаулық сақтау саласын дамытуға айтарлықтай ықпал етті, астаналық тұрғындарды сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету – қала әкімдігінің басты назарында және осы бағытта қолдан келгенше барлық жұмыс атқарылып келеді», - деді Басқарма басшысы.

Сондай-ақ жиында медициналық ұйым басшылары өткен жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алда тұрған міндеттермен бөлісті.

Басқармамен денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту, кадр тапшылығын азайту, «Салауатты ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру, денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруды дамыту одан әрі жүзеге асырыла бермек.