Елордалық дәрігерлер маржан тәрізді бүйрек тастары бар науқасты құтқарды

Елордалық дәрігерлер маржан тәрізді бүйрек тастары бар науқасты құтқарды

Бүйрек патологиясы бар науқастың өмірге қайта оралуына №2 қалалық урология орталығының дәрігерлері көмектесті. Бұл сырқат белгілерін кеш болып кетпейінше көп адам байқамай жатады, ал мұндай оталар урологияда бірегей болып саналады.

 Науқас 19 жасынан бастап уролитиядан зардап шегіп келді. Ол бірнеше рет ота жасалғанына қарамастан ауруы басылмағанын айтады. Пациент хирургиялық емделу үшін көптеген урологиялық клиникаларға барған күннің өзінде олар жағдайдың күрделілігіне байланысты бас тартқан. №2 қалалық аурухана дәрігерлері науқасқа перкутандық нефролитотрипсия операциясы ұсынды. Бұл операцияның бірегейлігі - оның денеде кішкентай жарақат түрінде жасалуында, бел аймағында 1 см кесу арқылы өтеді, осылайша бүйрек тастары лазердің көмегімен жойылады.

Науқаста бір уақытта екі жағынан эндоскопиялық түрде бүйрек тастары алынды.

Қалалық урология орталығының жетекшісі Асқар Жашеновтің айтуынша «маржан тастарының хирургиясы» урология саласындағы ең жоғары бірегей көрсеткіш болып табылады.

Отадан кейін пациенттің жағдайы жақсарып, қанның барлық көрсеткіштері мен бүйрек қызметі қалыпқа келді.

«Тәжірибеде нефролитиаздың күрделі формалары кездеседі, егер тиісті түрде уақтылы емделмеген болса, бүйректің функционалды күйінің жоғалып, нәтижесінде терминалды бүйрек жеткіліксіздігі пайда болады және жасанды бүйрек аппаратын қосу қажеттілігі туындаушы еді», - дейді директордың хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары Юрий Пак.

Қазір науқас қыз өзін жақсы сезінеді, енді емханадағы дәрігерлер бақылауында амбулаториялық ем алатын болады.