Студенттер арасындағы әлеуметтік және жеке қатынастар мәселелері қалай шешілуде?

Студенттер арасындағы әлеуметтік және жеке қатынастар мәселелері қалай шешілуде?

Осы орайда Астана қаласында арнайы конференция ұйымдастырылды. 

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімдерінің, сондай-ақ №3 қалалық емхананың «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығының қызметкерлері елордалық психологтар мен директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ жастар денсаулық орталықтарының қызметкерлері үшін үлкен конференция өткізді. Тақырыбы – «Студенттер арасындағы әлеуметтік және жеке қатынастар мәселелері. Оқу орындарындағы психологиялық қауіпсіз білім беру ортасы».

Конференция алғашқы минуттардан бастап практикалық форматқа ие болды. Өйткені ұйымдастырушылар іс жүзінде осы мәселелерге тап болған жоғары дәрежелі спикерлерді шақырды. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, залдағы сұрақтарға белсенді жауап берді.

Ұйымдастырушылардың өздері де өз тәжірибелері туралы айтып берді. «Жас Толқын» ЖДО мен елордалық колледждердің табысты өзара іс-қимылының мысалдары келтірілді.

Конференциядағы ең белсенді серіктестер дипломдармен және грамоталармен марапатталды.