Басқарма басшысы Тимур Мұратовтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Басқарма басшысы Тимур Мұратовтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті Қазақ елі, құрметті достар!

Баршаңызды Ұлтымыздың ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн - елдігіміз бен ерлігіміздің айғағы, шын мәнісінде өз алдымызға жеке мемлекет болған тарихи күн. Жылдар бойы арман еткен тәуелсіздіктің құны жоғары. Осы күнге жетуде ата-бабаларымыздың ешқашан жігері жасып, қайраты қайтқан емес.

Мына, біздің ендігі мақсатымыз - осы егемен еліміздің қазіргіден де көркейіп, дамуы жолында қызмет ету. Елордалық ақ халатты дәрігерлер денсаулық сақтау саласының жақсаруына үлес қосып, әр тұрғынның мықты денсаулығы үшін еңбек етіп келеміз. Лайым да еліміз тыныш, аспанымыз ашық болып, әр азамат Отанымыздың дамыған елдер қатарынан ойып тұрып орын алуына әрекет жасаса, одан артық бақыт жоқ. Сондықтан да әрдайым еңсемізді тік ұстап, тәуелсіз ел екенімізді мақтаныш етейік!

Болашағынан зор үміт күттіретін Отанымыздың көк байрағы биікте болсын! Әр шаңыраққа бақыт, береке, денсаулық тілеймін.

Тәуелсіздік күні құтты болсын!