Елордалық емханаларға 50 жаңа көлік берілді

Елордалық емханаларға 50 жаңа көлік берілді

Астаналық емханаларға жаңа көліктер берілді. Автопарк 4-санаттағы шұғыл шақыруларды орындау, сондай-ақ үйге дәрігер шақыру мен мобильдік бригадаларды тасымалдау, т.б. арналған тағы да жаңа автокөліктермен толықты.

Биыл қыркүйек айының басында жедел медициналық жәрдем станциясына 55 арнайы машина сатып алынған еді. Қалалық медициналық мекемелер мен жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркі соңғы жылдары жалпы саны 200-ден астам автокөлікпен толықты.

Соңғы үш жыл ішінде медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықпен толық жабдықталды, 40 «үй жанындағы дәрігер» нысаны (олардың 7-еуі елді мекендерде орналасқан) ашылды, бірқатар медициналық мекемеге жөндеу жүргізілді, 4 медициналық мекеменің құрылысы бойынша тиісті жобалар іске асып жатыр.

Сондай-ақ Астана қаласында жаңа перзентханалардың, «Жағалау-3» және «Нұрлы жол» вокзалы аудандарында амбулаториялық-емханалық кешендері мен Көктал-1 ЖМ, Тельман, Пригородный және т. б. аймақтарында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарының құрылысы жоспарланған. Медициналық көмектің сапасын арттыру - басты назарда