Неліктен психикалық денсаулығыңызға назар аудару маңызды?
«Ауру – уайым-қайғыдан» деген сөзді көпшілігіміз естіп жүрміз. Денемізде сәл ауруды сезінсек, бірден дәрігерге жүгінеміз, ал психикалық денсаулықты алдыңғы орынға қоятындар аз. Стресс, дау-жанжал, мазасыз көңіл-күй денсаулыққа айтарлықтай мәселелер тудыруы мүмкін. Бұл туралы №11 қалалық емхана дәрігері Гүлнар Құрманғожина айтып берді.
«Жүйке жүйесінен» туындаған ауруларды психосоматикалық аурулар деп атайды, мысалы: астма, тері аурулары, қант диабеті, мигрень, кейбір қатерлі ісіктер (мысалы, сүт безі қатерлі ісігі) және гинекологиялық аурулар. Дәрігер көп күйзеліске түсудің денсаулыққа зиян екендігін ескертеді. Оның айтуынша, аталмыш аурулардың пайда болуына басқа да себептер болғанымен, стресстің әсері жоқ емес. Дәрігердің кеңесі бойынша сіздердің назарларыңызға «ішкі жан дүниемізге» қамқорлық жасаудың қарапайым тәсілдерін ұсынамыз:
Психикалық денсаулық - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасына сәйкес, бұл адамның өз әлеуетін жүзеге асыра алатын, әдеттегі өмірлік стресспен күресетін, өнімді және жемісті жұмыс істейтін және қоғам өміріне өз үлесін қоса алатын әл-ауқат жағдайы.
Әрқашан деніңіз сау болсын! Өзіңізге қамқорлық жасауды ұмытпаңыз!