Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының ӘРПК нормалары мен талаптары түсіндірілді.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының ӘРПК нормалары мен талаптары түсіндірілді.

2025–2030 жылдарға арналған қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті бөлімінің прокуроры Б.Б. Беремқұловтың және Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар-диалог өткізілді.

Семинар барысында өтініштерді қарау мерзімдерін заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес сақтау, сондай-ақ ӘРПК-де көзделген тәртіптер мен рәсімдер мәселелері қаралды.

Семинар қорытындысы бойынша Басқарма қызметкерлеріне қызығушылық танытқан барлық мәселелер бойынша толық түсіндірмелер беріліп, сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

Құқықтық сауаттылықты одан әрі арттыру және заңнама талаптарының тиісінше сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мұндай семинарды квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметкерлері үшін де өткізу жоспарлануда.