
Мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында темекі шегудің зиянына арналған ақпараттық семинар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға темекі өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді.
Семинарда «Астана медициналық университеті» КеАҚ Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшысы Ш.М. Нажимов баяндама жасап, темекі шегумен және оның салдарымен байланысты өзекті мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, қарапайым және электронды темекілердің, құрамында никотині бар өзге де бұйымдардың адам ағзасына тигізетін зияны туралы статистикалық мәліметтер ұсынылды.
Мұндай іс-шаралар жастар арасында өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Осыған байланысты алдағы уақытта семинарларды Астана қаласының басқа да мемлекеттік органдарында өткізу жоспарланып отыр.
Кездесу «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы аясында Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Астана қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Ғ. Амантаймен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің атынан басшының орынбасары Б.Н. Балғабеков, бас маман А.К. Айтуева және Астана қаласы «Сарайшық» ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Қ. Баужановпен бірлесіп «Сарайшық» ауданының әкімдігініңде аудандық әкімдіктің қызметкерлерімен өткізілді.